A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

ТүркПА төрағалығы Ғылым, инновация және технология бойынша Азия парламентаралық форумын өткізді - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 19:59:27 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТүркПА төрағалығы Ғылым, инновация және технология бойынша Азия парламентаралық форумын өткізді

28.09.2016 14:48
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі (қазіргі ТүркПА төрағалығы) 2016 жылдың 26-27 қыркүйегінде Астанада Ғылым, инновация және технология бойынша Азия парламентаралық форумын өткізді. 20 елден келген парламентарийлер мен эксперттер, сондай-ақ, бірқатар халықаралық ұйымның өкілдері ғылым, инновация және технологияға қатысты өзекті мәселелерді, оның ішінде оларды заңнамалық қамдау ісін, талқылады. Жоғары деңгейдегі мәртебелі басқосуды Қазақстан Парламентінің Мәжілісі Ислами білім, ғылым және мәдениет ұйымымен (ISESCO) және Ислами даму банкімен бірлесе отырып ұйымдастырды.


Мәртебелі меймандарғы жылы лебізін білдіре отырып, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, одан әрі дамытуда Парламенттерге жүктелетін жауапкершілік жүгінің өте жоғары екенін айтты. Астанада алғаш рет ұйымдастырылып отырған екі күндік жиынның мемлекеттер әріптестігін күшейтуге, бірлесіп табысты жұмыс жасауға жаңа серпін беретінін алға тартқан Мәжіліс Спикері өзара тәжірибе алмасып, іскерлік байланысты нығайту қажеттілігіне тоқталды.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілеп берген бес институционалдық реформаны орындаудың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары аясында жүзеге асырылып жатқан инновациялық жобаларды және оларды заңдық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелерін сөз еткен Н. Нығматулин: - Осы Ұлт жоспарында көрсетілгендей, біздің елде инновация саясаты экономикалық дамудың, бәсекеге қабілетті қоғам құрудың негізгі бағыты болып табылады. Бұл жолда біздің еліміз индустриялық-инновациялық дамудың алғашқы бес жылдығын табысты орындады. Қазіргі уақытта бұл бағдарламаның екінші кезеңі тиімді жүргізілуде, -деді.

Форум қатысушылары әсіресе, жасыл экономика тақырыбына ерекше назар аударды. Осы орайда Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі әңгіме өзегіне айналады. Бүгінгі күні әлемнің көптеген елдері осы көрмеге қатысуға ниет білдіріп, өз ұсыныстарын жолдауда. Мәжіліс Төрағасы «Болашақ энергиясы – Жасыл экономика» мәселелері келешек тұрақты өсудің негізгі бағытына айналғанын, бүкіл әлем дамудың жаңа және экологиялық таза жолдарын таңдап отырғанын, «ЭКСПО-2017» көрмесінде жүзден астам мемлекет, өздерінің ғылыми-техникалық, инновациялық жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік алатынын айта келіп, ИСЕСКО ұйымына мүше барлық елдерді осы көрмеге белсене қатысуға шақырды.

Мәжіліс Төрағасы 2017 жылы Қазақстанда Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технология бойынша саммитінің өтпекші екенін хабарлады
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар