A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

ТүркПА-ға мүше парламенттердің әлеуметтік және мәдени мәселелер комитеттерінің үшінші кездесуі - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 19:50:42 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТүркПА-ға мүше парламенттердің әлеуметтік және мәдени мәселелер комитеттерінің үшінші кездесуі

28.09.2016 11:16
ТүркПА-ға мүше парламенттердің әлеуметтік және мәдени мәселелермен айналысатын парламенттік комитеттерінің үшінші басқосуы Қазақстан төрағалығының аясында Астана қаласында 2016 жылдың 27 қыркүйегінде өтті. Бұл іс-шара 26-27 қыркүйекте Астанада ұйымдастырылған Азия парламентаралық форумының саясында орын алды.


Жиынға қатысушылар – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісі депутаттары, Әзербайжан мен Түркиядан келген парламентарийлер, сондай-ақ, Түркі академиясы, Қазақстан мемлекеттік музейі мен ТүркПА хатшылығы өкілдері - түркітілдес елдер арасындағы әлеуметтік мәселелер мен ғылым, инновация және технология салаларында әрекеттестікті нығайтудың маңыздылығына қатысты пікір алмасты.

Қатысушыларға сәлем бере отырып, Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов 2008 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған ТүркПА-ның елдер арасындағы қалыпты өзара іс-қимылды нығайту тетігіне айналғанын айтты. Сөйлеуші түркі институттары арасында бірлескен жұмыстың бауырлас халықтардың ынтымағын баянды ете түсетінін тілге тиек етті.

Мәжіліс депутаттары Бейбіт Мамыраев пен Бекболат Тілеухан ТүркПА-ға мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты, әсіресе әлеуметтік және мәдениет мәселелерінде өзара әрекеттестікті одан әрі тереңдете түсудің қажеттігін атап өтті.

Әзербайжан Милли Мәжлисінің Ғылым және білім комитеті төрағасының орынбасары Бахтияр Әлиев ұлттық заңнамаларды гармонизациялауға жол ашатын модель заң жобаларын түзудің маңыздылығын айтты.

Түркия Ұлы ұллтық мәжілісінің депутаты Орһан Аталай ортақ университет құру мәселесін қарастыруды ұсынды. Ол басымдықтың мамандандырылған оқу орындарына берілуі қажет екенін айтты.

Халықаралық түркі академиясы президенті Дархан Қыдырәлі мен ТүркПА комиссия хатшысы Емин Хасанов өз ұйымдарының талқыланып жатқан салаларда атқарып жатқан істері бойынша егжей-тегжейлі ақпар берді.
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар