A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

Екінші дүниежүзілік көшпенділер ойыны - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 20:19:53 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Екінші дүниежүзілік көшпенділер ойыны

06.09.2016 15:33
«Күш бірлігі – рух бірлігі» атты ұранмен Орталық Азия халықтарының көшпенді мұрасын насихаттап, жандандыруды көздеген Екінші дүниежүзілік көшпенділер ойыны 3 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Екінші ойындар да қырғыз елінде, әйгілі Ыстықкөлдің солтүстік жағасында қыркүйектің 3-інен 8-іне дейін жалғасады. Әлемнің 62 елінен келген 2000 спортшы сайысқа кірісіп кетті.


«Қазіргі заманда адамдар өз тарихын ұмытуда және де көне байырғы мәдениеттердің құрып кету қаупі бар. Көшпенділер өркениеті – тұрлаулы дамудың мысалы және адамзат қазіргі заманда берекелі тіршілікті қалайды», деді Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев ашылу салтанатында.

Этникалық спорт түрлерін дүние жүзінде өрістетуді көздеген бұл ауқымды іс-шара барысында көшпенділер ойынының 23 түрінен, атап айтқанда, бүркітпен аулау, асық ойнау, көкпар, аударыспақ, бәйге, тоғызқұмалақ сияқты қызу да қызық жарыс өтпек. Әсем Қыршын жайлауында бірнеше жүз киіз үй тігілген. Дода көрермендерін байырғы музыкадан концерттер мен көшпенді цивилизациясы жайлы конференциялар күтіп тұр.

Екінші көшпенділер ойынының ашылу салтанатына қатысқан ТүркПА бас хатшысы Жандос Асанов Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесіп, Жоғорку Кеңеш Төрағасы Чыныбай Тұрсынбековпен жүздесіп, әңгімелесті.
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар