A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

Демократия және ынтымақ саммиті - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 20:22:21 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Демократия және ынтымақ саммиті

02.09.2016 10:43
Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің төрағасы Исмаил Каһраманның шақыруымен Ирак өкілдер кеңесінің төрағасы – Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің парламенттік одағының төрағасы Салим Әл-Жубури, Сербия Республикасы Ұлттық ассамблеясының төрайымы – Қара теңіз экономикалық ынтымақтастығы ұйымы парламенттік ассамблеясының төрайымы Майя Гойкович, Европа Кеңесі парламенттік ассамблеясының төрағасы Педро Аграмунт, Жерорта теңізі парламенттік ассамблеясы төрағасының орынбасары Белал Қасем, Европа парламенті төрағасының орынбасары Давид Мариа Сассоли, НАТО парламенттік ассамблеясы төрағасының орынбасары Паоло Алли, Жерорта теңізі одағы парламенттік ассамблеясының мүшесі Мария Муссини және ТүркПА іс басындағы төрағасының атынан Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев 2016 жылдың 1 қыркүйегінде Анкарада өткен Демократия және ынтымақ саммитіне қатысты.


Өз сөзінде Түркия парламентінің басшысы, ТүркПА Кеңесінің мүшесі Исмаил Каһраман мырза демократия, адам хақтары және заң үстемдігінің дүниежүзі таныған құндылықтар екенін, сондықтан оларды болашақ ұрпақтар үшін қорғау мақсатымен күресу қажеттігін айтты. “Халқымыз төңкеріс әрекетіне қарсы көтерілді, жан аямады және, өкінішке орай, 241 адам шейіт болып, 2 мың 195 жараланып жапа шегуде». Осы саммитке келген делегациялар «101 ел мен 2 миллиард 900 миллион халықтың атынан қатысуда, ал бұл дегеніңіз Түркия демократиясына берілген баға әрі қолдау», деді Каһраман мырза.

ТүркПА Іс басындағы Төрағасының атынан басқосуға қатысқан Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшісі Ж.Түймебаев Қазақстан Парламенті Мәжілісі Төрағасы, ТүркПА Іс басындағы Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің сәлемін жеткізе отырып, ТүркПА-ның әрқашан да демократия, адам хақтары және заң үстемдігі сияқты жаһан таныған құндылықтарға адалдығын білдірді және Түркияда орын алған заңды үкіметті орнынан тайдырмақ болған төңкеріс әрекетін үзілді-кесілді сөгетінін айтты.

Іс-шараға қатысушылар ортақ мәлімдеме қабылдады.

ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар