A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

Зуқа батыр. 150 жыл: Батыр есімі Елордада ұлықталды - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 21:19:19 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Зуқа батыр. 150 жыл: Батыр есімі Елордада ұлықталды

15.06.2016 18:24
14 маусым күні Астанадағы ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мәңгілік Ел арманы және Зуқа батыр Сәбитұлының өмірі мен күресі» атты көрме, шығармалар байқауының жеңімпаздарын саралау және халықаралық ғылыми конференция өтті.


Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы, Республикалық ардагерлер кеңесі, ТүркПА және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен шараға шетелден және елімізден белгілі ғалымдар, өнер қайраткерлері, журналистер мен өзге де көрмермендер қатысты.

Ғылыми конференцияның соңы "Мəңгілік ел жəне Зуқа батыр" атты шығармашылық байқауға ұласты. Бұл бәйге мамыр жəне маусым айларында "Проза" жəне "Поэзия", "Үздік əн" аталымдары бойынша шығармалар қабылданған болатын.

Конференцияға Қазақстан Парламенті ТүркПА делегациясының мүшелері Сауытбек Абдрахманов, Абай Тасболатов, ТүркПА Әлеуметтік-мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясының бұрынғы төрағасы Ғарифолла Есім және ТүркПА бас хатшысы Жандос Асанов қатысты. ТүркПА іс-шараға әріптес ретінде қатысты. Жиынды Л.Гумилев атындағы Қазақ ұлттық университетінің проректоры, профессор Дихан Қамзабекұлы жүргізіп отырды.

Келелі жиында сөз алған Ж.Асанов Елбасымыздың бастамасымен 2008 жылы құрылған ТүркПА-ның түркі дүниесінің парламенттік өлшеміне айналғанын және түркі елдеріндегі рухани жаңаруға зор көңіл бөлетінін айтты. Бас хатшы Зуқа батырға арналған жиынның еліміздегі тарихи жадты түгендеу ісінің құрамдас бөлігі екенін тілге тиек ете келе, конференция жұмысына табыс тіледі.

Конференция салтанатты концертке ұласып, соңынан Хазірет сұлтан мешітінде жиынға қатысқан жандардың құрметіне ауызашар берілді.

ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар