A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

Президент Илһам Әлиев Әзербайжандағы мұсылман елдердің елшілері мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерін қабылдады - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 21:10:58 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Президент Илһам Әлиев Әзербайжандағы мұсылман елдердің елшілері мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерін қабылдады

08.06.2016 16:53
Әзербайжан Республикасының Президенті Илһам Әлиев қасиетті рамазан айының басталуына орай Әзербайжандағы мұсылман елдердің елшілері мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерін қабылдады. Іс-шараға ТүркПА бас хатшысы Жандос Асанов та қатысты.


Қасиетті оразаның басталуымен құттықтаған Президент Әлиев Әзербайжанда мұсылман мемлекеттердің елшіліктерінің санының өсуі ислам дүниесіндегі достық пен бауырмалдықтың артып отырғанын көрсетеді деді. Мемлекет Басшысы Әзербайжанда барлық діндер мен мәдениеттердің өкілдерінің тату-тәтті өмір сүріп жатқанын, биыл елде мультикультурализм жылының жарияланғанын, Біріккен Ұлттар Ұйымы Өркениеттер альянсының жетінші жаһандық форумының Бакуде өткені халықаралық қауымдастықтың Әзербайжанның осы саладағы жетістіктерін мойындайтынының куәсі екенін атап өтті.

Президент Әлиев Таудағы Қарабақ мәселесінің және басқа да проблемалардың өзінің оң шешімін табуында мұсылман әлемінің бірлік пен бауырмалдық танытуының маңызды екенін айтып өтті.

Мұсылман елдері елшілерінің дуайені, Морокко корольдігінің елшісі Хасан Хами Президент И.Әлиевке қасиетті рамазан айының басталуына орай қабылдағанына ризашылығын білдірді. Елші Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің Таудағы Қарабақ мәселесінің келіссөздер жолымен, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қарарларын толық орындай, Әзербайжан Республикасының территориялық тұтастығын құрметтей отырып шешілуін қолдайтынын тағы да растады.


www.azertag.az
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар