A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

Бесінші дүниежүзілік түркі форумы - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 20:25:02 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бесінші дүниежүзілік түркі форумы

03.06.2016 09:56
Бесінші дүниежүзілік түркі форумы 2016 жылғы маусымның 1-і мен 3-і аралығында Стамбұл қаласында Түркия азия стратегиялық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен (Turkish Asian Center for Strategic Studies (TASAM)) өтуде және оған түрлі түркітілдес және басқа да елдерден келген белгілі ғалымдар, дипломаттар мен қоғам қайраткерлері қатысуда. ТүркПА осы іс-шараның әріптестерінің бірі.


2 маусымда өткен ашылу жиналысында Түркия азия стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Сүлейман Шенсой мен ТүркПА бас хатшысы Жандос Асанов сөз сөйледі.

Өз сөзінде Ж.Асанов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келген Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясы (ТүркПА) түркітілдес елдердің арасындағы әрекеттестіктің шынайы парламенттік өлшеміне айналғанын атап өтті. Ассамблеяның кейінгі кездердегі атқарып жатқан жұмысы жайлы тыңдармандарға ақпар берген бас хатшы, ТүркПА-ға мүше үш елдің – Әзербайжанның, Қазақстанның және Қырғызстанның тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойымен құттықтады. Түркі елдері арасында қарым-қатынастардың ахуалына тоқтала келе, Ж.Асанов олардың бір-бірлерінің тілдері мен қоғамдарын зерделеулерінің қажет екенін және бұл іске елдер арасындағы өзара ақпарат ағынын кеңейтудің игі ықпал ететіндігін айтты.

ТүркПА бас хатшысы Жандос Асанов түркітілдес елдер арасындағы байланыстардың нығаюына қосқан үлесі үшін Түркия азия стратегиялық зерттеулер орталығының (Turkish Asian Center for Strategic Studies (TASAM)) Қызыл алма дипломымен марапатталды.

2 маусым күні кешкісін ТүркПА бас хатшысы Бесінші дүние түркі форумына қатысушылардың құрметіне қонақасын берді.
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар