A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

ТүркПА депутаттары экономикалық әрекеттестік мәселелерін талқылады - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 19:54:53 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТүркПА депутаттары экономикалық әрекеттестік мәселелерін талқылады

25.05.2016 22:13
ТүркПА-ға мүше парламенттердің экономикалық даму, қаржы, ауыл шаруашылығы және басқа да экономикалық істермен айналысатын комитеттер/комиссиялар мүшелері және де белді қазақстандық зерттеу орталықтарының эксперттері қазіргі ТүркПА төрағалығы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мамырдың 25-26-сында Астанада өтіп жатқан Астана экономикалық форумының аясында ұйымдастырған «Ұлы жібек жолы: түркітілдес елдердің рөлі мен келешек мүмкіндіктері» атты конференцияда бас қосты.

Қатысушыларға Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев қошамет сөзін сөйлеп, қазіргі кезде дүние жүзінде бой көрсетіп отырған созылмалы экономикалық және қаржы дағдарысының салдарын жеңілдету үшін ТүркПА-ға мүше елдерге өзара экономикалық іс-қимылды тереңдете түсудің маңызды екенін айтты.

Жиынға Мәжіліс депутаты Серік Сейдуманов төрағалық етті және оған қатысушылар ұлттық экономикаларды диверсификациялау, мүше елдерде жүзеге асқан бірқатар трансұлттық жобаларды ескере отырып, елдердің транспорт-транзит потенциалының ұтымды жақтарын оңтайлы пайдалану мәселелеріне қатысты ауқымды пікір алмасты.

ТүркПА депутаттары Астана экономикалық форумының түрлі сессияларына қатысуда.
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар