A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

«Ұлы дала» гуманитарлық ғылымдар форумы өтті - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 21:12:31 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

«Ұлы дала» гуманитарлық ғылымдар форумы өтті

24.05.2016 08:45
«Ұлы дала» гуманитарлық ғылымдар форумы тұңғыш рет Астанада Түркі академиясының ұйымдастыруымен өтті. Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Корея, АҚШ және басқа елдер мен халықаралық ұйымдардан келген көрнекті ғалымдар, ресми адамдар мен қонақтар мамырдың 23-і күні Назарбаев орталығына жиналды.


ТүркПА жиынның әріптесі болып, оған Ассамблеядан Әзербайжаннан Милли Мәжлис депутаттары Севинж Гусейнова мен Жаваншир Фейзиев, Қырғызстаннан Жоғорку Кеңеш депутаты Садық Шер-Нияз және ТүркПА бас хатшысы Жандос Асанов қатысты.

Форум панелистерінің бірі болған Жаваншир Фейзиев түркітілдес мемлекеттердің арасындағы қатынастардың қазіргі жай-күйі мен перспективалары жайлы айтты, мамырдың 24-і күні өзінің “Tүрік мемлекеттер бірлігі” атты кітабын Астанадағы Евразия Ұлттық университетінде таныстырды.

ТүркПА бас хатшысы Жандос Асанов іс-шара аясында әйгілі қазақ ақыны, қоғам қайраткері және саясаткер Олжас Сүлейменовпен, Түркі кеңесі ақсақалдар тобының мүшесі проф. Әділ Ахметовпен, Түркі академиясының президенті проф. Дархан Қыдырәлімен, Түркия ғылым академиясының президенті Аһмет Ажармен және басқа да қатысушылармен жүздесіп, әңгімелесті.
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар