A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

«Егемен Қазақстан» газетінің Президентін құттықтау - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 20:56:42 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

«Егемен Қазақстан» газетінің Президентін құттықтау

20.04.2016 12:37
ТүркПА Бас хатшысы Жандос Асанов Еркін Қыдыр мырзаны «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы болып тағайындалуымен құттықтап, хат жолдады. Хатта былай делінген:


Құрметті Еркін Сағындықұлы!

«Қазақ елінің бас газеті «Егемен Қазақстанның» жетекшісі болып тағайындалуыңызға орай шын жүректі құттықтауларымды жолдаймын.

«Егемен Қазақстан» - ауқымы ұлан-ғайыр ұғым. Жұмхұриеттің болмысынан, беталысы мен бағыт-бағдарынан, тыныс-тіршілігі мен өзекті мәселелерінен хабардар болу үшін жұртшылық газетке қарайлайды, әрбір нөмірін асыға күтеді.

Өзіңіздің журналист әрі мемлекеттік қайраткер ретіндегі орасан бай тәжірибеңіз бен бойыңызға біткен бірегей адами қасиеттеріңіздің тәуелсіз жерұйығымыздың әр күнгі тіршілігімен біте қайнасып жатқан «Егеменнің» одан әрі кемелдене түсуіне игі ықпалын тигізетініне нық сенемін.

Мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізге зор денсаулық, тынымсыз еңбек және дамылсыз табыстар тілеймін!»
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар