A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

Конияда түркітілдес елдердегі шөлейттенумен күрес жөніндегі семинар өтті - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 20:15:19 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Конияда түркітілдес елдердегі шөлейттенумен күрес жөніндегі семинар өтті

13.04.2016 19:00
Түркітілдес елдердегі шөлейттенумен күрес жөніндегі семинар 2016 жылдың 7-8 сәуірінде Түркияның Кония қаласында Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің және Түркияның халықаралық ынтымақтастық және даму агенттігінің (TIKA) жәрдемімен өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты ТүркПА-ға мүше елдерде шөлейттенумен күреске қатысты хабардарлықты арттыру болды және семинар 2015 жылдың 2 сәуірінде Анкарада өткен ТүркПА Қоршаған орта және табиғи ресурстар комиссиясының алғашқы жиналысында қабылданған жұмыс жоспарына сай ұйымдастырылды.


Семинарға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия парламенттері эксперттері мен Түркияның Орман шаруашылығы мен су істері министрлігінің, Азық-түлік, ауыл және мал шаруашылығы министрлігінің, Кония Селжүк университеті мен Кония топырақ, су және шөлейттенумен күрес институтының өкілдері қатысты.

Семинардың бірінші сессиясы барысында оған қатысушылар ТүркПА-ға мүше елдерде шөлейттенуге қатысты мәселелердің қазіргі кездегі жай-күйі жайлы баяндамалар жасады. Іс-шараның екінші сессиясы кезінде мүше елдердегі шөлейттенумен күресте қандай жұмыстардың атқарылып жатқаны тілге тиек болды. Төрт ел өкілдері аталған салада тиісті заңнаманы заман талабына сай жетілдіріп отыру үшін өзара әрекеттестіктерін жалғастыра түсуге келісті.

Семинарға қатысушылар іс-шараның қорытынды есебін талқылап, қабылдады, енді аталған құжат Баку қаласында сәуірдің 19-ында өтетін ТүркПА Қоршаған орта және табиғи ресурстар комиссиясының екінші жиналысында таныстырылатын болады.

Іс-шара 8 сәуірде Кониядан 90 шақырым жердегі Қарапынар (Қарабұлақ) кентінде орналасқан Кония топырақ, су және шөлейттенумен күрес институтында жалғасты. Институт басшысы ғылым докторы Дурмуш Әли Чаркыжы шөлейттенумен күрес төңірегінде тындырылып жатқан шаруалар жөнінде видеотаныстырылым жасады. Ал Кония Селжүк университеті Ауыл шаруашылығы және агрономия факультеті деканының орынбасары, ғылым докторы Рамазан Ажар эрозияға ұшыраған жайылымдарды онда бұталар отырғызу арқылы жақсарту тақырыбына қатысты көлемді баяндама жасап, көптеген қызықты мысалдар келтірді.

Семинарға қатысушылар, сондай-ақ, шөлейттенуден қорғалған алқаптарға барып, көшет отырғызу және топырақ жамылғысын жетілдіру жұмыстарымен танысты. Іс-шараға қатысқан әрбір адам семинарды еске қалдыру үшін естелік ағаш көшетін отырғызды.
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар