A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

ТүркПА парламенттері аппараттары арасындағы ынтымақтастық артуда - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 19:40:59 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТүркПА парламенттері аппараттары арасындағы ынтымақтастық артуда

14.02.2016 12:39
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі аппараты басшысының міндетін атқарушы Жаслан Жүгінісов Әзербайжан Республикасы Милли Мәжлисі аппаратының жетекшісі Сәфә Мирзәевтің шақыруымен 2016 жылғы ақпанның 12-13-терінде Бакуде болды.


Мирзәев және Жүгінісов мырзалардың екіжақты кездесуі барысында екі парламент арасындағы бұдан былайғы кезеңдегі екіжақты деңгейдегі, сондай-ақ, көпжақты ауқымдағы өзара іс-қимылды үйлестіру мәселелері талқыланды. Бұнымен қатар, ТүркПА-ның бұрынғы төрағалығы Милли Мәжлис және қазіргі төрағалығы Қазақстан Парламенті Мәжілісі өкілдері арасында ТүркПА күн тәртібінде тұрған мәселелерге қатысты ауқымды пікір алмасу болды.

С.Мирзәев ТүркПА хатшылығы үшін Милли Мәжлис салып жатқан жаңа әкімшілік ғимараты құрылысының жылдың аяғына дейін аяқталатынына үміт білдірді.

Жаслан Жүгінісов сапар аясында ТүркПА бас хатшысы Жандос Асановпен жүздесіп, екеуі барып ТүркПА жаңа әкімшілік ғимаратының құрылысымен танысты.
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар