A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

Бас хатшының ADA лекциясы - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 21:20:13 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшының ADA лекциясы

11.02.2016 15:52
2010 жылы жұмысын бастаған ТүркПА хатшылығының Бакуде орналасқаны кездейсоқтық емес, деді ТүркПА бас хатшысы Жандос Асанов өзінің 2016 жылдың 10 ақпанында Әзербайжан дипломатиялық академиясында (ADA- Azerbaijan Diplomatic Academy) оқыған дәрісінде. Түркі тарихындағы тұңғыш парламенттік республика – Әзербайжан демократиялық республикасы (ӘДР) осы елде құрылған. Мүмкіндікті пайдалана отырып, бас хатшы ADA студенттерін Әзербайжан Республикасы тәуелсіздігінің қалпына келуінің 25-жылдың мерейтойымен құттықтады.


Ж.Асанов Әзербайжан үкіметінің ел экономикасын түрлендіріп, оның көмірсутектерден тәуелділігін азайтуды көздеген талпыныстарын жоғары бағалады. «Осы саясаттың арқасында жергілікті өнімдердің саны мен сапасы күннен күнге арта түсіп отыр», деп атап өтті бас хатшы.

«Биыл Әзербайжанда мультикультурализм жылы деп жарияланды, және де БҰҰ Өркениеттер альянсының 7-нші кездесуі көктемде Бакуде өтпекші. ТүркПА-да осы игілікті істерге түрлі жиындар өткізу арқылы өз үлесін қоспақ ниетте», деді Ж.Асанов.

ТүркПА бас хатшысы ТүркПА немесе түркі ынтымақтастығы институттары өз жұмыстарын БҰҰ жарғысында көрініс тапқан принциптер мен нормаларға сай ашық және мөлдір жағдайда атқарады деп мәлімдеді. «Түркілік аймақтағы қарым-қатынастарды дамыта түсуге желеу болды», деп түйіндеді ойын ТүркПА жоғары лауазымды тұлғасы.
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар