A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

Бакуде Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Абайдың 170 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 20:45:02 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бакуде Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Абайдың 170 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

23.12.2015 10:34
Баку Мемлекеттік университетінде 2015 жылдың 22 желтоқсанында Қазақ хандығының 550 жылдығы мен қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған халықаралық конференция болып өтті.


Шараны Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігі ұйымдастырып, оған Түркі академиясы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және ТүркПА демеу көрсетті.

Конференция спикерлері мен қонақтарының арасында Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшісі Бейбіт Исабаев, қазақтың мемлекеттік және қоғамдық қайраткері, халық ақыны, жазушы Олжас Сүлейменов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, Баку мемлекеттік университетінің ректоры Абел Мәһәррәмов, Түркі кеңесінің Бас хатшысы Рәміл Ғасанов, ТүркПА Бас хатшысы Жандос Асанов, Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Гүнай Әфәндиева, Әзербайжан Республикасы Милли Мәжлисінің депутаттары, Бакуде тіркелген түркітілдес және еуропалық елдердің дипломатиялық миссияларының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа да елдердің ғылым қайраткерлері болды.

Шара барысында әзербайжандық жұртшылықтың, сондай-ақ шетелдік қонақтардың назарына Қазақ хандығы және қазақ мемлекеттілігінің құрылуы мен қалыптасуының тарихы мен аспектілері, ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы ұсынылды.

Бұдан басқа, Елші Б.Исабаев құттықтау сөзінде әзербайжан тілінде басып шығарылған «Қазақ хандығы: бастауы, дәстүрлері мен мұрасы» жинағын таныстырды.

Конференцияның соңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен БМУ-нің арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, естелік медальдар табысталды, Қазақ хандығы туралы деректі фильм көрсетілді, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығармашылық көркемөнерпаздар ұжымының өнер көрсетуі өтті.

Өз кезегінде, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шаралардан кейін Баку мемлекеттік университетінде қазақтың ұлы ақыны мен ойшылы Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Конференцияда сөз сөйлеген ТүркПА бас хатшысы Ж.Асанов ұлы Абай мұрасын, сондай-ақ, Низами Гәнджәви, Нәсими, Физули сынды әзербайжанның данышпан ойшылдарының еңбектерін қазақ тілінен тікелей әзербайжаншаға не әзербайжан тілінен қазақшаға көркемдігін, реңкін жоғалтпай аудару мәселелеріне көңіл бөлі керектігін баса айтты.



Speech of the Secretary General (Eng)


Speech of the Secretary General (Aze)
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар