A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

ТүркПА Іс басындағы Төрағасы Түрікменстан бейтараптығының 20 жылдығына арналған шараларға қатысты - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 19:32:57 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТүркПА Іс басындағы Төрағасы Түрікменстан бейтараптығының 20 жылдығына арналған шараларға қатысты

14.12.2015 09:33
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, ТүркПА-ның Іс басындағы Төрағасы Қабиболла Жақыпов мырза 2015 жылғы желтоқсан айының 11-12-лерінде Түрікменстанда болып, осы ел бейтараптығының 20 жылдығына арналған шараларға қатысты. «Бейтараптық саясаты: бейбітшілік, қауіпсіздік және даму үшін халықаралық ынтымақтастық» халықаралық конференциясында сөз сөйлеген Мәжіліс Төрағасы атаулы күнге байланысты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқыды.


Сапар аясында Мәжіліс Спикері Қабиболла Жақыпов Ашхабад қаласында Түрікменстан Меджлисі төрайымы Акджа Нурбердыевамен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті сұрақтарын талқылай келіп, қарым-қатынастың нығаюы, екі ел басшыларының іс-сапарлары мен өзара кездесулерге жол ашатынын атап өтті. Сондай-ақ, қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру қазақстандық-түрікмендік өзара іс-қимылды жаңа сапалық деңгейге көтеретіндігі айтылды. А.Нурбердыева басқа мемлекеттер ісіне араласпайтын, бейбітшілікті сүюге негізделген бейтараптықтың түрікмендік моделі жайында әңгіме қозғады. Қ.Жақыпов Түрікменстанның әлемде ядролық қару таратпау ұстанымына беріктігін алға тартып, аталған елді осы жылдың қыркүйек айында МАГАТЭ ұйымына мүше болуымен құттықтады. Сұхбаттасушылар екі мемлекеттің көліктік-транзиттік потенциалына назар аудара келіп, сауда-экономикалық ықпалдастық тақырыптарына да тоқталды. Парламент өкілдерінің айтуынша, экономикалық байланысты жүйелі дамыту жолында «Казақстан – Түрікменстан - Иран» теміржолы магистралының өзіндік орны бар. Сонымен қатар, «Батыс Европа – Батыс Қытай» көлік жолы, «Түрікменстан – Ауғанстан – Пәкістан – Үнді» сынды ауқымды жобалардың маңыздылығы зор. Қ.Жақыпов пен А.Нурбердыева екі ел парламенттерінің заңнамалық жұмысы бағытындағы тәжірибелерін сөз ете келіп, парламентаралық қатынасты одан әрі дамыту жайына көңіл бөлді. Осы ретте Мәжіліс Спикері түрікмендік әріптесін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар