A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

Ұлы далаға арналған халықаралық конференция өтті - Turk-PA.org
Monday, 17 January 2022, 03:01:07 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Ұлы далаға арналған халықаралық конференция өтті

07.12.2015 11:06
2015 жылғы 3 желтоқсанда Түркі академиясы халықаралық ұйымы мен Қазақстан Парламенті Мәжілісінің ұйымдастыруымен Астанадағы Бейбітшілік және Келісім сарайында «Ұлы даладағы Мемлекеттілік және Парламентаризм» тақырыбында халықаралық конференция өтті.


Алқалы жиынға ТүркПА-ға мүше мемлекеттер (Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия) Парламент төрағалары, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов, Әзербайжан Милли Мәжлисінің Төрағасы Октай Асадов және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты. Сонымен қатар, жиынға Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасының орынбасары Ахмет Айдын, Венгрия Парламентінің вице-спикері Марта Матраи және Халықаралық ұйымдардың басшылары, елшілер мен көрнекті ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Халықаралық конференцияны Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов құттықтау сөзімен ашты.
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар