A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

ТүркПА бас хатшысы Нахчыванда жұмыс сапарымен болды - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 21:25:50 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТүркПА бас хатшысы Нахчыванда жұмыс сапарымен болды

27.10.2015 17:58
2015 жылдың 27 қазанында ТүркПА бас хатшысы Жандос Асанов Нахчыван автономиялық республикасына барып, жергілікті басшылар және басқа да ресми адамдармен кездесті. Али Мәжлис (жергілікті парламент) төрағасы Васиф Талыбов Ж.Асановты жылы қабылдап, әңгімелесті. Али Мәжлис төрағасы автономияда болып жатқан өзгерістер жайлы, жергілікті өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытуда, азық-түлік қауіпсіздігін қамдауда және жұмыс орындарын ашуда қол жеткізілген табыстар жайлы айтып берді. Талыбов мырза 2009 жылы Нахчыванда өткен, Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесін (Түркі кеңесі) құру туралы Нахчыван келісіміне қол қойған түркітілдес елдер басшыларының саммитін еске түсірді.


ТүркПА бас хатшысы орасан зор тарихи және мәдени мұрасы бар, Әзербайжанның ұлы көсемі Гейдар Әлиев туып-өскен, өнегелі еңбек жолын бастаған өлкеге келгеніне қуанышты екенін білдірді. Асанов мырза түркі елдері арасындағы әрекеттестіктің парламенттік өлшемі болып табылатын ТүркПА-ның айналысып жүрген шаруалары жайлы әңгімелеп, Ассамблея мен Нахчыван арасында ортақ іс-шаралар өткізуді қарастыруды ұсынды.

Сапар барысында ТүркПА бас хатшысы Гейдар Әлиев музейімен танысып, оның жетекшілігімен жүздесті. Мәдени программа Мөминә Хатун мазарына, жергілікті мешітке, Нахчыван кілемдері музейіне, сондай-ақ, әйгілі Дұздағқа – Нахчыван тұз шахтасының орнында салынған Нахчыван физиотерапия клиникасына – баруды қамтыды. Ж.Асанов, бұдан басқа, жергілікті бизнес орталығына барып, осында өндірілген азық-түліктерінен бастап, күрделі технологиялар шығарған өнімдерге дейін танысты.

ТүркПА бас хатшысының жергілікті үкімет басшысы Әловсат Бахшиевпен, орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мәһәррам Ғасымовпен, Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің Нахчывандағы өкілдігінің басшысы Әскер Исмаиловпен және Әзербайжан Ғылым академиясының Нахчыван бөлімінің басшысы Исмаил Хажиевпен кездесуге мүмкіндігі болды.
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар