A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

ТүркПА Іс басындағы төрағасы парламент спикерлерінің әлемдік конференциясына қатысты - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 07:31:41 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТүркПА Іс басындағы төрағасы парламент спикерлерінің әлемдік конференциясына қатысты

02.09.2015 22:26
Әзербайжан Республикасы Милли Мәжлисінің Төрағасы – ТүркПА Іс басындағы төрағасы Октай Асадов Нью-Йоркте Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) штаб-пәтерінде 31 тамыз бен 2 қыркүйек арасында өткен парламент спикерлерінің төртінші әлемдік конференциясының жұмысына қатысты.


Конференция аясында бұдан бұрын өткен конференциялар ұсыныстарының орындалу барысы, халықаралық әрекеттестікте парламенттік өлшемді өрістету мәселелері, заң шығарушы органдарда гендерлік тепе-теңдікті арттыру, баянды даму межелеріне жету ісіндегі парламенттердің рөлі және басқа да проблемалар талқыланды.

Басқосуда сөз сөйлеген Октай Асадов мырза конференция ұйымдастырушыларының бастамаларын жоғары бағалап, осындай іс-шаралардың парламенттердің әлемде бейбітшілік пен орнықты дамуды қамтамасыз етудегі рөлін ұлғайту үшін маңызды екенін айтты.

О.Асадов сапар барысында Чех Республикасы Парламенті Депутаттар палатасының спикері Ян Хамачекпен, Европа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА-ПАСЕ) Төрайымы Әнн Брассермен, Иран парламентінің төрағасы Әли Лариджанимен және Албания Республикасы парламентінің вице-спикері Валентина Лескаймен кездесіп, сұхбаттасты.

Конференцияға 140 елден келген 138 спикер мен 39 вице-спикер қатысты. ТүркПА хатшылығынан делегация құрамында ТүркПА бас хатшысының орынбасары Фуад Әлакбаров болды.



ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар