A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

ТүркПА Бас хатшысы Ақсақалдар кеңесі отырысына қатысты - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 07:17:42 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТүркПА Бас хатшысы Ақсақалдар кеңесі отырысына қатысты

13.08.2015 12:04
2015 жылғы 6 - 7 тамызда Габала қаласында (Әзербайжан) Түркі Кеңесі Ақсақалдар Кеңесінің 9-шы отырысы өтті. Кеңеске Әзербайжан Милли Мәжилисінің депутаты және Ақсақалдар кеңесінің басшысы Фаттах Гейдаров, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының бұрынғы депутаты және Елші Әділ Ахметов, Түркияның Ұлы Ұлттық Жиынының депутаты Мұстафа Эсен қатысты. Сонымен қатар, Қырғызстан ақсақалы Бексұлтан Жакиевтың орнына Қырғызстанның Әзербайжандағы Елшісі Айжігіт Боранов қатысты. Түркі Кеңесінің шақыруы бойынша Бас хатшы Жандос Асанов кеңеске қатысты.
Кеңес күн тәртібінде Халықаралық Түрік Академиясы әзірлеген жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған ортақ түрік тарихы жөніндегі оқулықты және де «Түрік мемлекеттері интеграциясының концепциясын» талқылау мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, қатысушылар Ақсақалдар кеңесінің алдыңғы отырыстарында келісілген ұсыныстар мен мәселелердің ағымдағы жағдайын талқылады. Кеңес мүшелері 2016 жылы Қырғызстанда екінші Көшпенділер ойындарын ұйымдастыру, Түркі Кеңесінің қолдауымен университеттік спорт ойындарын дайындау, көшпенділер Орталығын және диаспоралардың жаңа орталықтарын құру жөнінде ұсынымдарды бекітті. Бұдан басқа, Түркі Кеңесі және ТүркПА миссияларының мүше-елдерде сайлау процессін байқауға қатысуына байланысты пікірлер алмасты. Осы себепті, отырыс нәтижесінде мүше-елдер президенттеріне ұсынылатын ұсынымдар қамтылған Хаттамаға қол қойылды.

Ақсақалдар кеңесінің келесі отырысы 2015 жылғы қазан айында Түркияның Сакарья қаласында өткізу жөнінде шешім қабылданды.
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар