A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

ТүркПА бас хатшысы ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінде сөз сөйледі - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 06:41:37 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТүркПА бас хатшысы ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінде сөз сөйледі

30.07.2015 13:01
ЕҚЫҰ (ОБСЕ) Сербия іс басындағы төрағалығының шақыруымен ТүркПА бас хатшысы Жандос Асанов 2015 жылғы 23 шілдеде Венада өткен ЕҚЫҰ (ОБСЕ) Тұрақты кеңесі жиналысына қатысып, сөз сөйледі. Іс-шараға, сондай-ақ, Түркі кеңесі бас хатшысы Рамил Ғасанов та шақырылды.


ТүркПА бас хатшысы Тұрақты кеңес мүшелерін ТүркПА-ның соңғы кездерде атқарып жатқан шаруаларымен таныстырып, оның келешек жоспарлары мен мақсаттары жайлы айтып өте келе, ТүркПА-ның ЕҚЫҰ-мен және оның институттарымен диалогын одан әрі жалғастыруға ниетті екенін білдірді. Сөйлеуші түркі ынтымақтастығының парламенттік өлшемі ретінде Ассамблеяның ЕҚЫҰ-мен мүше елдерде тұрлаулы дамуды қамдауды көздейтін мақсаттар мен мұраттарды бөлісетінін де айтты.

Венаға сапар барысында бас хатшы ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің төрағасы Вук Жугичпен (OSCE Permanent Council Ambassador Vuk Žugić), Әзербайжан елшісі Галиб Исрафиловпен, Қырғызстан елшісі Ермек Ибраимовпен, Люксембург елшісі/Евроодақ делегациясының жетекшісі Хуберт Вуртпен (Ambassador of Luxembourg/Head of EU delegation to OSCE PC Mr. Hubert Wurth) және Қазақстан, Түркия, Ресей Федерациясы, Германия және Америка Құрама Штаттарының ресми өкілдерімен жүздесіп, әңгімелесті.



Speech of the Secretary General



http://www.osce.org/pc/174141
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар