A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

ТүркПА бақылаушылар миссиясы Түркиядағы парламент сайлауына қатысты - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 21:25:25 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТүркПА бақылаушылар миссиясы Түркиядағы парламент сайлауына қатысты

09.06.2015 09:42
Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясы (ТүркПА) бақылаушылар миссиясы Түркияда 7 маусымда өткен парламенттік сайлауды қысқа мерзімде бақылады. Аталған миссия құрамында Қазақстан Парламентінен Мәжіліс депутаты, ТүркПА Экономикалық комиссиясының төрағасы Серікжан Қанаев пен Сенат депутаты Бекмырза Еламанов енді.
Сапар барысында ТүркПА өкілдері Түркияның Жоғарғы сайлау кеңесінің төрағасы Саади Гүвенмен, Конституциялық соттың төрағасы Зүһтү Арсланменен, ел парламенті мен сыртқы істер министрлігінің жоғары лауазымды тұлғаларымен жүздесіп, әңгімелесті. Түркия ресми өкілдері сайлауды ойдағыдай, халықаралық стандарттарға сай өткізу үшін атқарылған жұмыстар жайлы әңгімелеп берді.

ТүркПА миссиясының дауыс беруді оның барлық кезеңінде бақылауға мүмкіндігі болды. Сайлау күні дауыс беру учаскелері сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін ашық болды. Бақылаушылар миссиясының мүшелері Анкара қаласының Чанкая және Гөлбашы аудандарында орналасқан 50 шақты дауыс беру учаскесіне болды. Бақылаушылар дауыс беру процесіне куә болып, сайлаушылармен, саяси партиялар өкілдерімен және сайлау учаскесі ресми өкілдерімен әңгімелесті. ТүркПА бақылаушылары, сондай-ақ, Чанкая ауданында орналасқан сайлау учаскелерінің біріндегі дауыс санауды бақылады.

8 маусымда ТүркПА бақылаушылар миссиясы бақылау нәтижелері бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.

МӘЛІМДЕМЕ





ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар