A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

Бас хатшы «Орталық Азиядағы миграция» атты халықаралық конференция жұмысына қатысты - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 07:29:18 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы «Орталық Азиядағы миграция» атты халықаралық конференция жұмысына қатысты

04.06.2015 12:23
2015 жылғы 2 маусымда ТүркПА Бас хатшысы Жандос Асанов Бішкек қаласындағы «Орталық Азиядағы миграция» атты халықаралық конференция жұмысына конференция модераторы ретінде қатысты. Аталған конференцияны Қырғыз Республикасы Жоғорку Кеңеші мен Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы (ЕКПА) бірлесе ұйымдастырды.



Конференция жұмысының күн тәртібі аймақтағы миграция, құқық қорғау саласындағы халықаралық әріптестікті күшейту, мигранттар, босқындар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтарын қорғау және адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелерін қамтыды.

Конференция жұмысы барысында ТүркПА Бас хатшысы Ж.Асанов Қырғызстан Жоғорку Кеңешінің Төрағасы Асылбек Жээнбековпен, Қырғызстан парламенті мүшелерімен және үкіметі өкілдерімен, сондай-ақ, ЕКПА Миграция босқындар және тұрғылықты жерін тастаған адамдар жөніндегі комитетының төрағасы Тьери Марианимен (Chairperson of the Committee on Migration, Refugees and Displaced persons Mr. Thierry Mariani), Халықаралық миграция (көші-қон) ұйымының аймақтық жетекшісі Деян Кесеровичпен (Regional director of the International Organization for Migration (IOM) for Central Asia Mr. Deyan Keserovich), БҰҰ босқындар жөніндегі коммисарының аймақтық өкілі Бернард Дойлмен (UNHCR Regional Coordinator for Central Asia Mr. Bernand Doyle), Қазақстандағы қырғыз диаспорасының өкілдерімен жүздесіп әңгімелесті.

ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар