A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

ТүркПА делегациясы ЕҚЫҰ ПА халықаралық хатшылығына барды - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 06:46:13 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТүркПА делегациясы ЕҚЫҰ ПА халықаралық хатшылығына барды

29.05.2015 11:14
2015 жылғы 26 мамырда Бас хатшы Жандос Асанов бастаған ТүркПА делегациясы Копенгагендегі ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының Халықаралық хатшылығына жұмыс сапарымен барды.


Сапар барысында ЕҚЫҰ ПА Бас хатшысы Спенсер Оливермен, Бас хатшының орынбасарлары Густав Палларес және Семен Джакаевпен, Сайлау жөніндегі директор Андреяс Бакермен, Коммуникация жөніндегі директор Ричард Солашпен кездесулер өтті.

Бас хатшы Спенсер Оливер алдағы Хельсинкиде өтетін ЕҚЫҰ ПА жыл сайынғы сессиясы туралы, сайлауда байқау жасау жоспарлары туралы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы мен халықаралық хатшылық туралы қысқаша айтып өтті. Өз кезегінде, Бас хатшы Жандос Асанов ТүркПА-ның ағымдағы қызметі және жоспарлары туралы айтып өтті, сондай ақ жалпытүркілік ынтымақтастықтың негізгі аспектілері туралы ақпарат ұсынды.

Сонымен қатар, тараптар екі Хатшылықтар арасындағы әріптестік перспективаларын талқылады және ЕҚЫҰ міндеттемелері мен принциптерін жүзеге асыруда субрегионалды парламентаралық форумдардың пайдалы үлесін атап көрсетті.

ТүркПА делегация құрамында Бас хатшының орынбасары Алтынбек Мамаюсупов және Байланыс және құқықтық мәселелер бөлімінің жетекшісі Анар Рагимов болды.



http://www.oscepa.org/parliamentary-diplomacy/visits-to-the-secretariat/2215-osce-pa-international-secretariat-hosts-turkpa-delegation
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар