A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

Баку қаласында Мәдениетаралық диалог жөніндегі ІІІ Бүкіләлемдік форумның ашылуы өтті - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 06:28:06 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Баку қаласында Мәдениетаралық диалог жөніндегі ІІІ Бүкіләлемдік форумның ашылуы өтті

20.05.2015 15:00
2015 жылғы 18 мамырда Баку қаласындағы Гейдар Әлиев Орталығында «Ортақ қауіпсіздік үшін мәдениетпен бөлісеміз» тақырыбына арналған Мәдениетаралық диалог жөніндегі ІІІ Бүкіләлемдік форум өтті. Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев ашылу рәсіміне қатысты және форум қатысушыларына арнап сөз сөйледі. Сонымен қатар, ашылу рәсімінде ЮНЕСКО-ның Бас директоры Ирина Бокова, Ислам Әріптестігі Ұйымының Бас Хатшысы Ияд Бин Амин Мадан, БҰҰ Өркениеттер альянсының Жоғарғы өкілі Насир Абд аль-Азиз ан-Насер, Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ислам ұйымының (ИСЕСКО) Бас директоры Абулазиз Бин Осман аль-Тувейжри сөз сөйледі.


ТүркПА-ның Бас хатшысы Жандос Асанов Әзербайжандағы дипломатиялық корпустың өкілдерімен бірге іс-шараға қатысты.

Бакулық форумның күн тәртібіне келесі сұрақтар енгізілді: зорлық экстремизміне қарсы әрекет ету және діни алуан-түрлілікті ілгерілетудегі діни көшбасшылардың орны, мультимәдениетттілік феномені, мәдениетаралық диалогқа Жібек жолы бастамасының әлеуеті, түрлі өркениеттер арасындағы шыдамдылықты ынталандыруда туризм мен білімнің орны және мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы түсіністік пен сенімді нығайтудағы халықаралық институттар мен үкіметтердің жауапкершілігі.
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар