A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

Баку қаласында түркітілдес елдер сыртқы саяси зерттеулер орталықтары жетекшілерінің алғашқы отырысы өтті - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 06:11:13 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Баку қаласында түркітілдес елдер сыртқы саяси зерттеулер орталықтары жетекшілерінің алғашқы отырысы өтті

12.05.2015 09:39
2015 жылғы 8 мамырда Әзербайжанның Стратегиялық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен Түркі кеңесіне мүше елдердегі сыртқы саяси зерттеулер орталықтары жетекшілерінің алғашқы отырысы өтті. Аталған кездесуге Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның тиісті орталықтарының жетекшілері, Венгрияның Халықаралық қатынастар және сыртқы сауда институты жетекшісінің орынбасары және мүше елдердің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары қатысты.


Іс-шара барысында сөз алған ТүркПА Бас хатшысы Жандос Асанов ТүркПА-ның ағымдағы қызметінің басым бағыттарына тоқтап өтіп, елдер арасында информация алмасу арналарын қалыптастырудың маңызын атап өтті. «Біз бір-бірімізде не болып жатқанын білмейміз, бір-біріміз жайлы үшінші ақпарат көздері арқылы біліп отырамыз», деді ТүркПА Бас хатшысы. Ол бұл ретте бір түркі тілінен екінші бір түркі тіліне кәсіби деңгейде аудара алатын тәржімешілер институтын қалыптастырудың қазіргі кезде өзекті мәселе екенін айтып өтті.

Сондай-ақ, Бас хатшы ү.ж. маусым айында Баку қаласында өтетін тұңғыш Европалық олимпиада ойындарына түркітілдес елдердің қолдау көрсетіп, ол жайлы түркітілдес қауымдар арасында кеңінен хабар тарату қажеттігі жөнінде айтты.

Іс-шара аясында Ж.Асанов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стартегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қаринмен, Қырғызстанның Ұлттық стратегиялық зерттеулер институтының директоры Талант Сұлтановпен, Түркия Сыртқы істер министрлігі жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Әли Ресүл Усулмен және Венгрияның Сыртқы істер және сауда институты бас директорының орынбасары Ласло Васамен жүздесіп, әңгімелесті.

Отырыс нәтижесінде Түркі кеңесі мүше елдерінің сыртқы саяси зерттеу орталықтары арасында Өзара түсіністік және әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар