A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

Стамбұлда ТүркПА мен ЕКПА-ның бірлескен іс-шарасы өтті - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 06:16:42 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Стамбұлда ТүркПА мен ЕКПА-ның бірлескен іс-шарасы өтті

29.03.2015 12:41
2015 жылғы 26-27 наурызда Стамбұл қаласында «Сайланбалы органдар: жұмыс мөлдірлігі мен есептілігі» атты семинар өтті. Бұл іс-шараны ТүркПА мен Европа Кеңесі парламенттік ассамблеясы (ЕКПА) бірлесе ұйымдастырды, ал Түркия Ұлы ұлттық мәжілісі семинарды өткізіп, қонақжайлық көрсетті.


Семинар сайланбалы органдардың пәрменділігін арттыру, олардың есеп беруін жетілдіру, сондай-ақ, сайланбалы органдардағы парақорлық (коррупция) көріністерінің алдын-алу мәселелері төңірегінде әңгіме қозғады.

Өз баяндамасында (тіркелген) ТүркПА бас хатшысы аталған салада ТүркПА аясында тындырылып жатқан жұмыстар жайлы кеңінен дерек берді.

Іс-шара аясында Ж.Асанов ЕКПА Ережелер және процедуралар, иммунитеттер мен институционалды мәселелер комитетінің төрағасы, Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің депутаты Халук Кочпен, ТүркПА мүшесі, Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің депутаты Үлкер Гүзел ханыммен, Әзербайжан Республикасы Милли Мәжлисі Құқықтық мәселелер комитетінің төрағасы, Әзербайжанның ЕКПА-ға делегациясының мүшесі Әли Хусейнлімен, ЕКПА бас хатшысы Войчех Савицкимен және басқа да лауазымды тұлғалармен кездесіп, әңгімелесті.
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар