A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

ТүркПА бас хатшысы Венгрияда сапармен болды - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 06:06:55 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТүркПА бас хатшысы Венгрияда сапармен болды

29.03.2015 12:29
ТүркПА бас хатшысы Жандос Асанов 2015 жылдың 24-25 наурызында Венгрияда болып, осы елдің Ұлттық мәжілісіндегі (парламенті) лауазымды тұлғалармен кездесіп, басқа да ресми және бейресми адамдармен жүздесті.

Венгрия Ұлттық мәжілісі 2014 жылдың 12-13 маусымында Бакуде өткен ТүркПА-ның 5-інші пленарлық сессиясында ТүркПА-ға бақылаушы ретінде қабылданған болатын. ТүркПА бас хатшысы осы себепті Венгрияға тұңғыш сапарын өткізді.

Венгрия Ұлттық мәжілісі төрағасының орынбасары Шандор Лежак (Sándor Lezsák, Deputy Speaker of the Hungarian Parliament) Ж.Асановтың құрметіне жұмыс қонақасын берді. Ас барысында ТүркПА мен Венгрия парламенті арасындағы әрекеттестік перспективалары талқыланды. Бұдан басқа ТүркПА бас хатшысы Венгрия Ұлттық мәжілісі төрағасының сыртқы саяси мәселелер бойынша кеңесшісі Андраш Келеманмен, парламент аппаратының жетекшісі Гиорги Зухпен және басқа да өкілдермен екіжақты кездесулер өткізіп, әңгімелесті.

Сыртқы істер және сауда министрінің орынбасары Шаба Балогпен (Csaba Balogh, Deputy State Secretary for Opening to the East of the Ministry of Foreign Affairs and Trade) кездесіп, Венгрияның «Шығысқа ашылу» саясаты жайлы жан-жақты мәлімет алды. ТүркПА жұмысы жайлы әңгімелеген Ж.Асанов Венгрияның ТүркПА елдері үшін Евроодақтағы маңызды елдердің бірі екенін айтты.

Қазақстан Республикасының Венгриядағы төтенше және өкілетті елшісі Нұрбақ Рүстемов ТүркПА бас хатшысының құрметіне қонақасын берді және оған Әзербайжан Республикасы елшісі Вилайет Гулиев пен Түркия елшісі Шакир Факылы да қатысты.

Сапар барысында Ж.Асанов белгілі венгр түркологы Иштван Мандоки Қоңырдың жұбайы Оңайша Мандокиді шайға шақырды. Жүздесуге Қазақстан Елшісі Н.Рүстемов қатысты.
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар