A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

Әдеби аударманың маңызы мен міндеттері - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 07:14:24 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Әдеби аударманың маңызы мен міндеттері

03.03.2015 17:09
«Егемен Қазақстан», 07.03.2015

Жақында қазақтың ғана емес, иісі түркінің киелі рухани астанасы Түркістан қаласында қазіргі кездегі тілдік аударма мәселесіне қатысты «Әдеби аударманың маңызы мен міндеттері» атты семинар өтті. Іс-шараны Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (ХҚТУ) мен Түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясы (ТүркПА) бірлесе ұйымдастырды.


Баршаға аян, ХҚТУ мен ТүркПА Елбасымыз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тіке-лей бастамасымен дүниеге келген және олар қазіргі кезде түркі ынтымақтастығы институт-тарының қатарынан өздеріне лайықты орындарын алған.

Аудармаға қатысты мәселенің көтерілуіне Президент Н.Назарбаевтың 2014 жылы 5 маусымда Түркияның Бодрум қаласында өткен түркітілдес мемлекеттер басшыларының төртінші саммитінде түркітілдес елдердегі бұқаралық ақпарат құралдарын нығайту және ортақ медиа ресурс құруды көздеген қадамдар жасау жөніндегі ұсынысы түрткі болды.

Түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясы Мемлекет басшысының ұсынысын қолдап, оның іске асуына қатысты тиісті іс-шаралар ұйымдастыруда. Атап айтқанда, ТүркПА-ның Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық комиссиясы өзінің 2014 жылы Бішкекте және Бакуде өткен екі жиналысында бір түркі тілінен екінші бір түркі тіліне кәсіби тәржіме жасай алатын аудармашыларды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізді. Себебі, кәсіби аудармашыларсыз түркітілдес елдер арасында қай салада болса да ақпарат ағымын ұлғайтып, елдеріміздің ақпараттық дербестігін нығайту мүмкін емес. ТүркПА мен ХҚТУ арасындағы 2014 жылы қыркүйек айында қол қойылған Түсіністік меморандумы да осы мәселелерді қамтиды.

Қорыта айтқанда, шет тілін үздік меңгерген кәсіби тәржімешілер институтынсыз қазақ тілді ақпараттық кеңістік сыртқы ақпараттық көздерді түрлендіре алмайды, қазақтілді БАҚ-тардың мазмұны (контенті) байымайды, экономиканың, өнеркәсіптің, ғылым, білім мен мәдениеттің қай саласының болса да қазіргі замана көшінен қалмай жүруі қиынға соғады.

Тілге тиек болып отырған семинарға қатысушылар аударма ісін қалай және қайтіп ғылыми жолға салу мәселелерін талқылады. Іс-шараға төрағалық (модератор) еткен ХҚТУ президенті Уәлихан Әбдібеков университеттің аударма саласын жетілдіруді көздеген қадамдарына кеңінен тоқталып өтті.

Еліміздегі аударма саласының түйткілді тұстарына шолу жүргізіп, көлемді баяндама жасаған Парламент Мәжілісінің депутаты, ТүркПА мүшесі, жазушы Алдан Смайыл аударма мәселелерінде «істен гөрі ой көп» болып отырғандығын айта келе: «Қазір осы саланың талапқа сай болмауының салдарынан бір елден екінші елдің БАҚ арқылы тікелей ақпарат алуы мүмкін болмай отыр. Мәселен, Қазақстанда отырып Түркия, Әзербайжан, т.б. мемлекеттерде болып жатқан оқиғалар жайлы Ресей арқылы ғана білудеміз», деді.

Депутат өз сөзінде елімізде шет тілдерінен қазақ тіліне тікелей аударатын мамандар даярлау ісінің жеке сала ретінде қарала қоймағанын, соның салдарынан ағылшын тілінен қазақ тіліне немесе түрік тілінен қазақ тіліне, қазақ тілінен әзербайжан және басқа тілдерге аударуға маманданған тәржімешілерді табудың қиын шаруа екенін атап көрсетті. Сонымен қатар, баяндамашы қазіргі кезде орыс тілінен қазақ, қазақ тілінен орыс тіліне еркін аударатындарды жолықтырудың да күрделеніп бара жатқанына көпшілік назарын аударды.

Аударманың дереу қолға алынуға тиісті өзекті жеті саласын егжей-тегжейлі айтып өткен А.Смайыл ХҚТУ-де және басқа жоғары оқу орындарында аударма бөлімдерін ашу жөніндегі ұсыныстарды қолдайтынын, үздік тәржімеден онлайн сайыстардың, аударма ісіне қатысты семинар және басқа іс-шаралардың ұйымдастырылғанын қалайтынын білдірді.

ХҚТУ Даму және қаржыландыру ісі жөніндегі вице-президенті Мұстафа Нұрсой Түркияда аударма саласының даму үдерістері жайлы кеңінен әңгімелеп берді. Түркияда аударма ісі 1980-жылдардан бастап ғылыми жолға қойылған екен.

Ал ТүркПА бас хатшысы Жандос Асанов өз сөзінде: «Қазіргі кезде ақпараттық тәуелсіздік жайлы көп айтылып жүр. Сонда айтылмай жүрген бір мәселе бар. Ол – біз жалғыз ғана сыртқы ақпарат көзіне тәуелдіміз, енді оларды түрлендіруіміз керек. Ол үшін шет тілдерін білумен қатар, кәсіби деңгейде аудара алатын халге жету қажет», деді. Ж.Асанов қазақ тілді журналистердің шет тілдерін еркін меңгеруі еліміздің ақпараттық дербестігін нығайтады дегенді баса айтты.

Баяндамалар тыңдалып біткен соң, ХҚТУ-дің кіші залына жиналған ғалымдар, оқытушылар және студенттер өзара емін-еркін әңгімелесті. Сол уақытта залдан қойылған «Елімізде жақсы аудармашыларды сөздік жазуға жұмылдырып жатқан жобалар бар ма?» деген сауалға тұщымды жауап табылмады.

Осылайша, Түркістанда өткен іс-шара еліміздегі аударма ісінің проблематикасын әжептәуір сипаттап бере алды деуге болады. Егер, осы шаруада нәтижелі қадамдар жасалса, ең әуелі қазақтілді ақпараттық кеңістіктің түрленуіне, сондай-ақ, басқа салалардың да мазмұндық жағынан толысуына қомақты үлес қосылар еді.


Құлбек ЕРГӨБЕК, филология ғылымдарының докторы, профессор.



Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/03/07/52060#comment-10451
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар