A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

Түркі дүниесі муниципалитеттері бірлігі делегациясы ТүркПА хатшылығына келді - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 07:07:59 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Түркі дүниесі муниципалитеттері бірлігі делегациясы ТүркПА хатшылығына келді

05.03.2015 17:36
Түркі дүниесі муниципалитеттері бірлігі (ТДМБ) делегациясы ТүркПА хатшылығына келіп Бас хатшы Жандос Асановпен кездесті. ТДМБ делегациясы құрамына Анкара қаласының Кечиөрен муниципалитетінің бастығы Мұстафа Ақ пен осы ұйымның Бас хатшысы Фаһри Солак кірді.


Жүздесу барысында тараптар түркітілдес елдердің арасындағы байланыстарды одан әрі ілгерілетудің жолдарын талқылай келе, түркі әрекеттестігін нығайту үшін түрлі салалық эксперттерді дайындаудың маңыздылығын атап өтті.

Меймандар ТүркПА Бас хатшысымен ТүркПА мен ТДМБ арасында бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру дәстүрін одан әрі жалғастыру мәселелерін де талқылады.
Кездесуге, сондай-ақ, Әзербайжан Республикасы Әділет министрлігінің

Муниципалитеттермен жұмыс істеу орталағының бастығы Меһти Саламзаде мен Сумгаит қалалық муниципалитетінің бастығы Абулфаз Бабаев қатысты.
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар