A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

Түркі инженерлері мен сәулетшілерінің дүниежүзілік бірлігі делегациясы ТүркПА хатшылығында болды - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 20:38:37 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Түркі инженерлері мен сәулетшілерінің дүниежүзілік бірлігі делегациясы ТүркПА хатшылығында болды

30.12.2014 10:48
2014 жылдың 23 желтоқсанында Түркияның автомобиль жолдары директоры Мехмет Жаһид Турһан мырза бастаған Түркі инженерлері мен архитекторларының дүниежүзілік бірлігі делегациясы ТүркПА хатшылығына ізет сапарымен келді. ТүркПА Бас хатшысы Жандос Асановпен жүздесу барысында делегация Түркі әлемі инженериясы, архитектурасы және абаттандыруы бойынша келесі құрылтайды 2016 жылы Әзербайжанда өткізбек жоспары жөнінде баяндады.


Дүниежүзілік бірліктің Бас хатшысы Ілияс Демиржи болса, келесі жылы қолға алынатын Құрылтайға дайындықтар және осы іс-шара аясында өтетін олимпияттарға әзірліктер ауқымы жайлы әңгімеледі.

ТүркПА Бас хатшысы Жандос Асанов Мехмет Жаһид Турһан мырзаны осы жылы Бішкекте өткен Құрылтайдың табысты өтуімен құттықтап, ТүркПА-ның Әзербайжанда өтетін құрылтайға демеушілердің бірі ретінде қатысуға әзірлігін білдірді.
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар