A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

ТүркПА-ның Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясының 4-інші отырысы өтті - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 21:03:29 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТүркПА-ның Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясының 4-інші отырысы өтті

02.12.2014 18:42
2014 жылдың 2 желтоқсанда Баку қаласында ТүркПА-ның Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясының 4-інші отырысы өтті. Жиын түркітілдес елдер арасындағы ақпарат ағынын ұлғайту мәселелерін талқылады.


Бұл мәселені талқылауға Президент Н.Назарбаевтың биыл маусым айында Түркияның Бодрум қаласында өткен түркітілдес мемлекеттер басшыларының саммитінде сөйлеген сөзінде мүше мемлекеттерде ақпараттық кеңістікті және бәсекеге қабілетті бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту жөнінде көтерген бастамасы түрткі болды.

Қазақстан делегациясын бастап келген ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, жазушы Алдан Смайыл өз сөзінде Қазақстан Басшысының түркітілдес елдердегі бұқаралық ақпарат құралдарын одан әрі жетілдіруді көздейтін ұсынысының дер кезінде айтылғанын тілге тиек ете келе, діттеген мақсат-мүддеге жету үшін түркі тілдерін меңгерген кәсіби тәржімешілерді көптеп дайындау қажеттігіне көңіл бөлді.

Жиын барысында «ТүркПА-ға мүше елдер арасындағы ақпарат ағынын ұлғайту» атты баяндама талқыланып, мүше елдердің парламенттері мен үкіметтеріне арналған ұсыныстар қабылданды.

Комиссия жұмысына ТүркПА-ға мүше төрт ел (Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия) парламенттерінің мүшелері, сондай-ақ Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі хатшылығының, ТҮРКСОЙ, Түркі академиясы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті, Манас атындағы қырғыз-түрік университеті және Түркі әлемі муниципалитеттері бірлестігі өкілдері қатысты.

Комиссияның келесі бесінші отырысы Қазақстан Республикасының Астана қаласында 2015 жылы екінші жартысында өтетін болады.


http://inform.kz/rus/article/2723332
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар