A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

ТүркПА-ның Экономикалық әрекеттестік комиссиясының 4-інші отырысы өтті - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 21:13:30 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТүркПА-ның Экономикалық әрекеттестік комиссиясының 4-інші отырысы өтті

25.11.2014 10:22
2014 жылдың 10 қарашасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында ТүркПА-ның Экономикалық әрекеттестік комиссиясының 4-інші отырысы өтті.


Жиын түркітілдес елдердегі энергетика секторын дамытудағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Жиналысқа ТүркПА Экономикалық әрекеттестік комиссиясының Төрағасы, Мәжіліс депутаты Серікжан Қанаев төрағалық етті. ТүркПА-ға мүше елдерден келген парламентарийлер түркітілдес елдердің арасындағы энергетика саласындағы өзара іс-қимылын арттыруға қатысты ой толғады. Жиынға қатысқан Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (ТМЫК) өкілі аталмыш саладағы түркі ынтымақтастығы аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар жөнінде баяндап берді.

Жиын барысында «Энергетика саласын дамытудағы ынтымақтастық» атты баяндама талқыланып, мүше елдердің парламенттері мен үкіметтеріне арналған ұсыныстар қабылданды.

Комиссия өзінің бұл отырысында қуаттың балама және жаңаратын көздеріне баса көңіл бөлді. Комиссия Төрағасы С.Қанаев энергетикадағы болашақ үрдістерді көре білген Қазақстан Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу жөнінде инициатива көтергенін, енді бұл ғаламдық көрме болашақ энергия көздерін дамытуға арналатынын айтты.

Комиссияның келесі бесінші отырысы Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында 2015 жылы өтетін болады.

Астанада өткен жиынға келген парламентарийлер “Astana EXPO-2017” менеджментімен және Энергетика министрлігінің жетекшілігімен жүздесіп, сұхбаттасты.
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар