A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

ТүркПА бас хатшысы Тегеранда жұмыс сапарымен болды - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 20:57:17 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТүркПА бас хатшысы Тегеранда жұмыс сапарымен болды

24.10.2014 17:11
ТүркПА бас хатшысы Жандос Асанов 2014 жылғы қазанның 22-23-і аралығында Тегеранда (Иран) болып, осы елдің Мажлисінде (парламент), Ислам ынтымақтастығы ұйымы парламенттік одағы (PUIC) хатшылығында және Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ECO) штаб-пәтерінде кездесулер өткізді.


Иран Ислам Республикасы Мажлисінде (парламент) Халықаралық қатынастар комитетінің төрағасы Аладдин Бруджеримен кездесу барысында түрлі халықаралық құрылымдар аясындағы ТүркПА мен ИИР парламентінің өзара әрекеттестік перспективалары талқыланды. Тараптар халықаралық терроризмнің күн сайын өсе түсіп отырған қатері жөнінде айта келе, терроризм идеологиясына бірлесе қарсыласу қажеттігін атап өтті.

Ислам ынтымақтастығы ұйымы парламенттік одағы (PUIC) хатшылығында ТүркПА бас хатшысы аталған ұйымның бас хатшысының орынбасары, елші Әли Асғар Мухаммади Сижанимен және хатшылық қызметкерлерімен әңгімелесті. Ә.Сижани ТүркПА бас хатшысын PUIC хатшылығы структурасы мен жұмысы жайлы хабардар етті. Тараптар ТүркПА-ның 2011 жылы PUIC-те алған бақылаушы мәртебесі аясында әрекеттестік мүмкіндіктерін талқылады. Бұл ретте PUIC хатшылығы ТүркПА қызметкерлері үшін арнайы танысу және тәжірибе алмасу сапарын ұйымдастыруға уәде берді.

Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ECO) бас хатшысы Шамил Әлескеровке сәлем бере барған кезде тараптар аймақтық ынтымақтастық қарқыны мен болашағы жөнінде сөз қозғады.
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар