A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

BNews.kz :ТүркПА мен Халықаралық қазақ-түрік университеті тарихи байланыстарды қайта түлетті - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 21:24:33 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

BNews.kz :ТүркПА мен Халықаралық қазақ-түрік университеті тарихи байланыстарды қайта түлетті

01.10.2014 15:04
Түркістан қаласында Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті арасында меморандум жасалды. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне университеттің баспасөз хатшысы Асқат Сәдібеков мәлім етті.


Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ президенті, профессор Әбдібеков Уәлихан Сейділдәұлы мен ТүркПА бас хатшысы Асанов Жандос Ануарұлы екіжақты меморандумға қол қойды. Өзара түсіністік туралы меморандум бірқатар ортақ әріптестікке қол жеткізуге бағытталып отыр.

«ТүркПА өз ауқымында мәдени және білім саласындағы байланыстардың одан әрі өрістеуіне жіті көңіл бөледі. Менің ойымша, Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясы мен Халықаралық қазақ-түрік университетінің бағыт-бағдары мен мақсат-мұраттары бір арнада жатыр. Мақсатымыз – ежелгі заманнан басталып, қалыптасқан түркі дүниесіндегі барлық салалардағы, оның ішінде, ғылым, білім және мәдениет салаларындағы байланыстарды түлетіп қана қоймай, оларды жаңа деңгейге көтеру. Елбасы жарлығымен құрылған сіздердің университеттеріңіз жай оқу орны емес, түркі әлеміндегі киелі оқу ордаларының бірі. Қонақжайлықтарыңызға рахмет. Университетті аралап, үлкен жетістіктерімен таныстым. Түркі әлеміндегі ықпалды оқу орындарының бірі», - деп ризашылық пікірін білдірді ТүркПа Бас хатшысы Жандос Асанов.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы 2008 жылғы 21 қарашада құрылған. ТүркПА-ның негізгі мақсаты – Түркітілдес мемлекеттер арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты дамыту. Құрамына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия парламентарилері кіреді.
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар