A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

ТүркПА бас хатшысы әйгілі венгриялық түркологқа арналған халықаралық конференцияға қатысты - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 20:17:54 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТүркПА бас хатшысы әйгілі венгриялық түркологқа арналған халықаралық конференцияға қатысты

26.09.2014 12:13
2014 жылдың 25 қыркүйегінде ТүркПА бас хатшысы Жандос Асанов Астана қаласында Түркі академиясы ұйымдастырған, әйгілі венгр түркологы Иштван Мандоки Қоңырдың 70 жылдығына арналған «Иштван Мандоки Қоңыр мұрасы: Ұлы далада ұрпақтар үндестігі» атты халықаралық конференцияға қатысты. Іс­шара Иштван Мандоки Қоңырдың 16 мың кітап пен қолжазбадан құралған жеке кітапханасын Түркі академиясына табыстаудан басталды. Көрнекті қазақ жазушысы Әбіш Кекілбаев пен Иштван Мандокидің жесірі ­ Айша ханым салтанатты таспаны кесу арқылы кітапхананы ашты.


Конференция барысында сөз алған ТүркПА бас хатшысы Жандос Асанов Мандоки Қоңырдың ғылыми мұрасын мұқият зерделеу түркі дүниесін кеңінен тануға және түркітілдес елдер арасындағы қатынастардың нығаюына септігін тигізеді деді. Ж.Асанов, сондай­ақ, ТүркПА­ның соңғы кездері білім, ғылым және мәдениет салаларында атқарып жатқан шаруалары жайлы әңгімелеп берді. ТүркПА бас хатшысы түркітілдес елдер арасындағы ақпарат ағынын ұлғайту үшін түркі тілдерін білетін кәсіби шебер аудармашылар дайындау қажеттігін баса айтты.

Конференция аясында ТүркПА бас хатшысы Түркі академиясы және ТүркСОЙ жетекшілерімен, белгілі ғалымдармен кездесті және де Венгрия парламенті вице­спикерінің кеңесшісі Шандор Дорогимен жүздесіп, жақында ғана ТүркПА­ның бақылаушы мәртебесін алған Венгрия парламенті мен түркі әлемінің парламенттік өлшемі болып табылатын ТүркПА арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.




ТүркПА Бас хатшысы Жандос Асановтың сөзі
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар