A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

«Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» екі жаңа теміржол желісіндегі қозғалыс іске қосылды - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 19:34:48 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

«Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» екі жаңа теміржол желісіндегі қозғалыс іске қосылды

25.08.2014 14:21
Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» теміржолдарының пайдалануға берілуінің ашылуы күтілуде.


Ауқымды көлік жобасының құрылысы 2012 жылғы маусымда ашылған болатын. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлағандай, үлкен жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, 1200 шақырымнан астам жол төселіп, түйістірілді, қызметкерлер мен қызмет көрсететін адамдарға тұрғын үй нысандары салынды, қажетті инфрақұрылым тұрғызылды.

Жаңа темір жолдардың орналасуы Қазақстанның батысынан шығысына және солтүстігінен оңтүстігіне жүктер тасымалдау қашықтығын қысқартады, еліміздің көлік мүмкіндіктерін кеңейтеді.

«Бүгін пайдалануға берілетін 1000 шақырымнан асатын теміржолдар «Солтүстік-Оңтүстік» және «Шығыс-Батыс» бағыттарындағы жүк тасқыны бағыттарын оңтайландырады. Теміржолдардың жұмысы Орталық және Батыс Қазақстанның дамуына қуатты серпін беріп, өңірлердің өнеркәсіптік әлеуеттері мен өндірістерінің дамуын жеделдете игеруге жағдай туғызып, экономикалық белсенділігін ынталандырады. 3,5 мың жұмыс орындары ашылады», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

ҚТЖ жаңа жолдарды іске қосу Қытайдан Ресей бағытына және одан әрі Еуропаға трансқазақстандық көлік дәліздерінің көліктік әлеуетін елеулі арттырады, деп санайды.
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар