A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

ТүркПА бақылаушылар миссиясы Түркиядағы президент сайлауына қатысуда - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 21:08:17 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТүркПА бақылаушылар миссиясы Түркиядағы президент сайлауына қатысуда

15.08.2014 15:21
Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясы (ТүркПА) бақылаушылар миссиясы Түркияға осы елде 10 тамызда тұңғыш рет өткелі отырған жалпыхалықтық президент сайлауын қысқа мерзімдік бақылауға келді. Аталған миссия құрамында Қазақстан Парламентінен Сенат депутаты С.Еңсегенов пен Мәжіліс депутаты Қ.Ыдырысов бар.


Сапар барысында ТүкрПА делегациясы Жоғарғы сайлау кеңесінің төрағасы Сади Гүвенмен, Конституциялық соттың төрағасы Хашим Кылычпен, Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің депутаты, ТүркПА Құқықтық мәселелер мен халықаралық қатынастар комиссиясының төрағасы Халүк Ипекпен, басқа да ТүркПАға мүше депутаттармен, Сыртқы істер министрлігінің жоғары лауазымды өкілдерімен кездесулер өткізді. Жүздесулер барысында Түркия ресми өкілдері сайлауды ойдағыдай, халықаралық стандарттарға сай өткізу үшін істелініп жатқан шаралар жөнінде әңгімелеп берді.

Тұңғыш рет өткелі отырған жалпыхалықтық президент сайлауында әр сайлаушы өзінің сайлау хақын пайдалануына барлық мүмкіндіктер жаса үшін Түркия үкіметі әжептәуір іс тындырды. Атап айтқанда, 31 шілде – 3 тамыз аралығында шет елдерде тұратын Түркия азаматтары үшін көптеген елдерде сайлау учаскелері ұйымдастырылып, дауыс берілді. Тіркелген сайлаушылардың жалпы саны 53 миллион, оның ішінде шетелде тіркелгені 2.7 млн. Егер сайлаудың алғашқы айналымында ешбір кандидат жеңіске жетпесе, келесі тур ү.ж. 26 тамызында өтеді.
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар