A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

Н. Нығматулин VI шақырылған Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы болып сайланды - Turk-PA.org
Monday, 17 January 2022, 01:21:15 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Н. Нығматулин VI шақырылған Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы болып сайланды

22.06.2016 15:15
АСТАНА. 2016 ж. 22.06. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар жасырын дауыс беру арқылы палатаның жаңа төрағасы лауазымына Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинді сайлады.

ҚР Конституциясының 58-бабы, 1 тармағына сәйкес, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Мәжіліс депутаттарының арасынан палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Ал Мәжіліс төрағасының қызметіне кандидатураны палата депутаттары ұсынады. Осыған байланысты депутат Қуаныш Сұлтанов Мәжіліс спикері лауазымына Н. Нығматулиннің кандидатурасын ұсынған болатын. Мәжілістегі партия фракциялары басшыларының барлығы да кандидатураны қолдады. Төрағаны сайлау бойынша құрылған санақ комиссиясының мәліметінше, жасырын дауыс беруге қатысқан палатаның 102 депутатының барлығы бірауыздан Н. Нығматулиннің кандидатурасын жақтап дауыс берген.

Еске сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті Мәжілісінің «Нұр Отан» партиясы фракциясының кешегі жиынында Парламенттің алдағы уақытта атқарушы билікпен арадағы өзара іс-қимылды белсендірек жүргізуі қажеттігіне назар аударған болатын. «Біз Үкіметке жұмысты байыппен жүргізуге мүмкіндік бердік, белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілді. Бірақ бұл жетекші саяси партиямыз «Нұр Отан» мен оның фракциясы Үкіметтің алдына қойылатын міндеттердің орындалуына қатаң қарамауы тиіс дегенді білдірмейді. Орындалуы қажет стратегиялық бағдарламалар бар. Біздің өз елімізде де, шет елдерде де орындалуын жұрт бақылап отырған негізгі міндетіміз - Бес институционалдық реформаның іске асырылуы жөніндегі «100 нақты қадам» ұлт жоспарын жүзеге асыру», - деген болатын Мемлекет басшысы.

Жаңа сайланған Мәжіліс Төрағасы, сондай-ақ, ТүркПА Іс басындағы Төрағасы міндеттеріне кірісті.

ҚазАқпарат/ТүркПА хатшылығы

ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар