A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

Бақтықожа Ізмұхамбетов Мәжіліс Төрағасы, ТүркПА Іс басындағы төрағасы болды - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 21:05:03 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бақтықожа Ізмұхамбетов Мәжіліс Төрағасы, ТүркПА Іс басындағы төрағасы болды

28.03.2016 10:40
2016 жылғы 25 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы лауазымына Бақтықожа Ізмұхамбетов сайланды.

Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов - 1948 жылы Гурьев облысы (қазіргі Атырау облысы), Теңіз ауданында туған. Уфа мұнай институтын бітірген. Техника ғылымдарының докторы.

1971-1991 жылдары «Ембі мұнай» бірлестігінің Прорва бұрғылау конторында, «Қазмұнайгазбарлау» басқармасында, Қазақ геологиялық барлау ғылыми-зерттеу мұнай институтында, шетелдік іссапарда Кеңес мұнай барлау экспедициясында жұмыс істеді.

1991-1992 жылдары Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің бөлім бастығы лауазымын атқарды.

1992-1993 жылдары Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің Мұнай және газ басқармасының бастығы болып істеді.

1993 және 2003 жылдар аралығында - «Қазақтүрікмұнай» бірлескен кәсіпорнының бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ үлестерді бақылау жөніндегі атқарушы директоры, «ҚазМұнайТеңіз» теңіз мұнай компаниясының бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ БК үлестерді басқару жөніндегі басқарушы директоры лауазымдарын атқарды.

2003 жылдың желтоқсанынан 2006 жыл аралығында - Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар бірінші вице-министрі. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі.

2007-2012 жылдар аралығында - Батыс Қазақстан облысының әкімі.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты болды, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Биылғы сайлауда алтыншы шақырылым депутаты болар алдында Атырау облысының әкімі қызметін атқарған еді.
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар