A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

Түркі дүниесі өнер шеберлері концерті - Turk-PA.org
Monday, 17 January 2022, 02:28:06 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Түркі дүниесі өнер шеберлері концерті

27.06.2016 12:01
Әзербайжан Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі мен Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының (ТүркСОЙ) ұйымдастыруымен бірқатар түркітілдес мемлекеттер тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойына арналған «Түркі дүниесі өнер шеберлері» атты концерт 2016 жылдың 25 маусымында Баку қаласында өтті.


Өнер шеберлері тамашасына жиналған жұртшылық «Түркі дүниесі халық аспаптары оркестрінің» орындауындағы түрлі музыкалық орындауларды тыңдады. Оркестр құрамында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Түркия, Моңғолия және Ресей Федерациясындағы Башқұртстан, Татарстан мен Саха-Якутиядан және Молдовадағы Ғағаузиядан келген өнерпаздар болып, топқа Ағаверді Пашаев (Әзербайжан) мен Марат Жалбыров (Қазақстан) жетекшілік етті.

Мерекелі іс-шараға қатысқан ТүркПА бас хатшысы Жандос Асанов Әзербайжан Республикасы Мәдениет және туризм министрі Әбүлфас Гараевпен және ТүркСОЙ бас хатшысы Дүйсен Қасейіновпен сұхбаттасты.
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар