Tuesday, 23 January 2018, 16:07:05 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы
АПА-ның 10 пленарлы сессиясы

Азия парламенттік ассамблеясының (АПА) 10-ыншы пленарлы сессиясы 2017 жылғы қарашаның 20-24-інде Стамбұл қаласында өтті.

Күн тәртібінің басты тақырыбы «Азиядағы бейбітшілік пен дамуды тұрлаулы ету» болды.

Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің Төрағасы Исмаил Каһраман АПА Төрағасы болып сайланып, іс басындағы төрағалық Камбоджадан Түркияға өтті.

Шараны ұйымдастырған Түркия тарабы ТүркПА-ны жиынның қонағы ретінде шақырды. ТүркПА Бас хатшысы Жандос Асанов Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің жетекшісімен екі жақты кездесу өткізген кезінде Исмаил Каһраман мырзаны Түркия парламентінің Төрағасы болып қайта сайлануымен құттықтады.

АПА пленарлық сессиясы ТүркПА хатшылығына бақылаушы мәртебесін беру жөнінде ұйғарымға келді.