Saturday, 25 November 2017, 15:34:27 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы
«Геосаяси өзгерістердің Түркі кеңесінің келешегіне әсері» атты халықаралық конференция

Әзербайжан Республикасының Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығы осы орталықтың онжылдығы мерейтойы аясында «Геосаяси өзгерістердің Түркі кеңесінің келешегіне әсері» атты халықаралық конференция өткізді.

Әзербайжан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат департаментінің меңгерушісі Арасту Хабиббейлі, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі (Түркі кеңесі) бас хатшысы Рамил Ғасанов, Әзербайжан Республикасының Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Фәрһәд Мәммәдов, Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты бөлім меңгерушісі Фатма Жигдем, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты директоры орынбасары Қазыбек Исаев пен Қырғыз Республикасы Стратегиялық зерттеулер институты директоры орынбасары Нұрәділ Байдәулетов сөз сөйледі.

Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясы (ТүркПА) бас хатшысының орынбасары Күршад Сарыарслан конференцияның «Түркі кеңесі үшін пайда болған мүмкіндіктер мен сындар» атты панелінде сөз сөйлеп, пікір алмасуларға араласты.