Saturday, 25 November 2017, 15:34:20 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы
Дастанбек Жумабеков Қырғыз Республикасы Жоғорку Кеңешінің Төрағасы болып сайланды

Дастанбек Жумабеков қазанның 25-інде Қырғыз Республикасы Жоғорку Кеңешінің Төрағасы болып сайланды.

Жаңадан сайланған қырғыз парламентінің жетекшісі өзіне сенім артқаны үшін өз әріптестеріне шынайы ризашылығын білдіріп, депутаттарды мемлекеттің заңнамасын одан әрі жетілдіре түсу үшін жұмыла еңбек етуге шақырды. Жумабеков барлық әріптестерімен риясыз әрі тығыз әрекеттеспек ниетін білдірді.

Қырғызстан Жоғорку Кеңеш Төрағасын сайлау бұрынғы Төраға Чыныбай Тұрсынбеков өз еркімен отставкаға кеткеннен кейін болды.

Осыған дейін Д.Жумабеков ТүркПА экономикалық әрекеттестік комиссиясы төрағасының міндетін атқарып келген.