Saturday, 25 November 2017, 15:34:16 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы
ТүркПА Қырғызстанда өткен президент сайлауын бақылады

ТүркПА халықаралық байқаушылар миссиясы Қырғыз Республикасында 2017 жылдың 15 қазанында өткен президент сайлауын қысқа мерзімде бақылады. Миссия құрамына Әзербайжан, Қазақстан және Түркия парламенттері мүшелері мен ТүркПА хатшылығы қызметкерлері енді.

Миссияның құрамында Әзербайжан Республикасы Милли Мәжлисінің депутаты Низами Жафаров, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков, Түркия Республикасы Ұлы ұлттық мәжілісінің депутаттары Фейзулла Қыйықлық пен Еркан Айдын болды.

Сапар аясында ТүркПА бақылаушылар миссиясы Орталық сайлау комиссиясының жоғары лауазымды тұлғаларымен және үкімет өкілдерімен кездесті. Осы жүздесулер барысында бақылаушыларға сайлауға дайындық барысында жасалынып жатқан іс-шаралар жайлы егжей-тегжейлі мәлімет берілді. Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сай 3 025 770 дауыс беру үшін тіркелген. Елдің сыртына 27 елде 37 сайлау учаскесі ұйымдастырылған.

Қазанның 16-сында Әзербайжан Республикасы Милли Мәжлисінің депутаты Низами Жафаров ТүркПА бақылаушылары атынан Қырғызстан Президенті А.Атамбаевтың шетелдік сайлау бақылау миссиялары жетекшілерімен өткізген кездесуіне қатысты. Осы күні Қырғыз Республикасы Жоғорку Кеңешінің Төрағасы Чыныбай Турсунбеков ТүркПА сайлау бақылаушылар делегациясын қабылдады.

ТүркПА миссиясының дауыс беруді оның барлық кезеңінде бақылауға мүмкіндігі болды. Сайлау күні дауыс беру учаскелері сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін ашық болды. Бақылаушылар миссиясының мүшелері Ыстықкөл облысында (Чолпан-Ата мен сол тұстағы ауылдар) орналасқан сайлау учаскелерінде болды. Миссия сайлау процесінде технологиялардың қолдану мен биометриялық дерек жинауға оң баға берді.

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметіне сай, дауыс беруге сайлаушылардың шамамен 56 проценті қатысқан, президенттікке үміткер Сооронбай Жээнбеков мырза дауыстың 55 процентін жиып, ел президенті болып сайланған.

Миссия қандай да бір елеулі заңнама нормаларын бұзушылықты немесе одан ауытқушылықты байқамады, сайлау процедурасы Қырғызстанның ұлттық заңнамасы мен халықаралық нормаларға сай атқарылды.

ТүркПА халықаралық бақылаушылар миссиясы Қырғыз Республикасында өткен парламенттік сайлау Қырғызстанның ұлттық заңнамасына толықтай сай өтті деген қорытындыға келді.