Saturday, 25 November 2017, 15:34:22 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы
ТүркПА-ға мүше парламенттер жетекшілерінің кездесуі

Парламентаралық ұйымның Санкт-Петербургте өткен 137-інші ассамблеясының аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, ТүркПА Іс басындағы Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Әзербайжан Республикасы Милли Мәжлисінің Төрағасы Оқтай Асадов, Қырғыз Республикасы Жоғорку Кеңешінің Төрағасы Чыныбай Турсунбеков және Түркия Республикасы Ұлы ұлттық мәжілісінің Төрағасы Исмаил Каһраман өзара бас қосып, алда жоспарланып отырған ТүркПА 7-пленарлық сессиясының күн тәртібін талқылады. Қазанның 13-інде өткен мәслихатта тараптар Ассамблеяның 7-інші пленарлық отырысын 2017 жылдың 7-8 желтоқсанында Бішкек қаласында өткізу туралы ұйғарымға келді.