Saturday, 25 November 2017, 15:34:25 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы
АӨСШК әскери-саяси өлшеміндегі семинар

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) әскери-саяси өлшеміндегі семинар 2017 жылғы қазанның 11-інде Астана қаласында өтті. Шараны Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен АӨСШК хатшылығы бірлесе ұйымдастырды.

Бангладеш, Қытай, Үндістан, Индонезия, Иран, Израиль, Қазақстан, Монғолия, Пәкстан, Палестина, Қатар, Корея, Ресей, Түркия, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты АӨСШК-ға мүше елдер мен Беларусь, АҚШ, Украина және Жапония сияқты бақылаушы мемлекеттерден келген әскери сарапшылар мен аталған елдер елшіліктерінің жауапты қызметкерлері семинарға қатысты.

Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ-ОБСЕ), Аймақтық терроризмге қарсы орталық және Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) өкілдері де іс-шара жұмысына атсалысты.

Ресей, Түркия, Қазақстан қарулы күштері, АӨСШК хатшылығы мен ЕҚЫҰ өкілдері өздерінің әскери-саяси өлшемдегі жұмыстары жайлы презентациялар жасады.

Қазанның 12-сінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі іс-шараға қатысушылар үшін Байқоңыр ғарыш айлағына сапар ұйымдастырды.

АӨСШК іс-шарасына ТүркПА бас хатшысы Жандос Асанов пен комиссия хатшысы Емин Хасанов қатысты.