Sunday, 22 October 2017, 10:27:38 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы
ТүркПА-ның VII пленарлық сессиясына әзірлік басталды

Түкітілдес елдердің парламенттік ассамблеясына (ТүркПА) мүше елдердің парламенттері ассамблеяның Бішкек қаласында алдағы желтоқсанның 8-інде болатын кезекті VII пленарлық сессиясына әзірліктеріне кірісіп кетті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, ТүркПА іс басындағы Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің тапсыруымен ТүркПА бас хатшысы Жандос Асанов Әзербайжан Республикасы Милли Мәжлисінің Төрағасы Оқтай Асадовпен, Түркия Республикасы Ұлы ұлттық мәжілісінің Исмаил Каһраманмен және Қырғыз Республикасы Жоғорку Кеңешінің Төрағасы Чыныбай Тұрсынбековпен кездесулер өткізіп, тараптар жоғары деңгейдегі ТүркПА басқосуының күн тәртібі мен бағдарламасын талқылады.