Saturday, 25 November 2017, 02:16:26 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы
Мемлекет басшысы алтыншы сайланған Парламенттің үшінші сессиясын ашты

Астана. 2017 жылғы 4 қыркүйек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші сессиясын ашты.

Отырысқа Сенаттың 46 депутаты, Мәжілістің 106 депутаты, ҚР Үкімет мүшелері, Жоғарғы сот, Конституциялық кеңесі, Орталық сайлау комиссиясы төрағалары, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, ұлттық басқарушы компаниялардың басшылары қатысуда.

ҚР Конституциясына сәйкес Парламент сессиясын Мемлекет басшысы ашады.