Sunday, 20 August 2017, 04:21:29 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы
Қазақстандық депутаттар Түркиядағы референдумды бақылайды

Қазақстан Республикасы Парламенті өкілдері – сенатор Манап Көбенов пен Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан ТүркПА халықаралық бақылаушылар миссиясы құрамында Түркия Республикасында сәуірдің 16-сында ел конституциясына ұсынылып отырған өзгерістер бойынша өтетін жалпыхалықтық референдумды қысқа мерзімдік бақылау жұмысына кірісті. ТүркПА миссиясының құрамында Әзербайжан мен Қырғызстан парламенттерінің депутаттары да бар.

ТүркПА бақылаушылары сәуірдің 14-і күні Түркия Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Саади Гүвенмен кездесу өткізді. Гүвен мырза ел ішінде 55 миллионнан аса, ал басқа елдерде 3 миллиондай дауыс бере алатын Түркия азаматтарының тіркелгенін айтты. Оның пікірінше, референдумға дауыс берушілердің қатысуы көрсеткіші 80 проценттен кем болмайды.

ТүркПА делегациясы, сондай-ақ, билік басындағы Әділет және өрлеу партиясы (АҚ парти) мен негізгі оппозициялық Жұмхұриет халық партиясының (ЖХП) ел парламентіндегі фракцияларының жетекшілерімен кездесіп, әңгімелесті.