Tuesday, 19 December 2017, 00:07:59 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы
ТүркПА Түркиядағы референдумға оң баға берді

«Түркия Республикасында өткен конституциялық референдум Түркияның ұлттық заңнамасына және халықаралық стандарттарға сай өтті», деп мәлімдеді ТүркПА халықаралық бақылаушылар тобының мүшесі, Әзербайжан Республикасы Милли Мәжлисінің депутаты Әһлиман Әмирасланов Түркия Республикасында 16 сәуірде конституциялық өзгерістерге қатысты өткен жалпыхалықтық референдумның қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз конференциясында.

Құрамына Әзербайжан, Қазақстан және Қырғызстан парламент мүшелері енген ТүркПА бақылаушылары өздері атқарған қысқа мерзімді мониторинг кезінде Анкарада орналасқан бірқатар дауыс беру уческелерінде болды, дауыс санау процесін бақылады.

Дауыс берер күннің алдында ТүркПА бақылаушылары Түркияның Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Саади Гүвенмен, биліктегі Әділет және өрлеу партиясы (АҚ Парти) мен негізгі оппозициялық Жұмхұриет халық партиясының жоғары лауазымды өкілдерімен жүздесіп, әңгімелесті.

Референдум қорытындысы бойынша ТүркПА бақылаушылар миссиясы мәлімдеме жасады.

Statement